Коронавирустың алдын алу бойынша Алматы Өңірлік штабы медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорынға барды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыдағы медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорын тәуліктік жұмыс режиміне көшті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының Өңірлік штабы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасымен бірлесіп, медициналық бетперделер шығаратын «Dolce Farm»ЖШС фармацевтикалық компаниясының кәсіпорнына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру барысында өндірістік қуатқа көңіл бөлінді.

Айына кәсіпорында 2,5 млн. дана бетперде дайындалады. Өнімді автоматты және қолмен өндіруге арналған шикізат қоры жеткілікті деңгейде. Сонымен қатар, ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілу кезеңін, сондай-ақ коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алуды ескере отырып, кәсіпорын тәуліктік (үш ауысымда) жұмыс режиміне көшті. Бетперделерді өндіретін шикізат қорын ұлғайту үшін шетелдік жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде.

Бұдан өзге медициналық бетперделерді өндіру кестесі мен одан әрі іске асыру жолдары тексерілді. Сондай-ақ фармацевтикалық индустрияны дамыту, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару перспективалары талқыланды.

Новости партнеров