Жедел ішек инфекциясы: ата-ана нені ескергені жөн

03.08.2024 01:39

Алматыда 2 айдың ішінде 434 бала жедел ішек инфекциясынан айыққан

Сгенерировано ИИ

Алматыда 2 айдың ішінде 434 бала жедел ішек инфекциясынан айыққан. Мамандар бұл мезгілдік ауру түрі пісірілмейтін және қайнатылмайтын көкөніс пен жемістер арқылы берілетінін айтты. Дәрігерлердің сөзінше, аурудың негізгі белгілеріне  іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу мен дене қызуы жатады. Аурудың  алдын қалай аламыз? Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы № 11 қалалық емхананың педиатр дәрігері Құндыз Есенғұлова  жауап береді.

– Құндыз Аманғалиқызы, қалыптасқан ахуал жайлы толығырақ тарқатып берсеңіз?

– Жаз айы басталғалы жеміс-жидек, қауын-қарбыздың пісуіне байланысты жедел ішек аурулары көбейіп кетті. Күнделікті 25 баланы қабылдаймыз. Соның ішінде 5-6 баланың дене қызуы көтеріліп, ішінің өтуі, құсу, жүрек айну белгілеріменен шағымданады. Олар жеке бас гигиенасын сақтамаған, ауыз суды дұрыс ішпеген.

– Ал аурудың алдын алу үшін ата-ана нені ескеруі қажет? Қандай кеңес айтасыз?

– Кез келген адам жеке бас гигиенасын сақтауы, дәретханадан, көшеден келген кезде міндетті түрде қолды жууы, сапалы су ішуі, тез бұзылатын тамақтарды мерзімінде сақтауы, бала емізерде гигиена сақтауы керек. Жоғарыда атап өттім, жүрек айнып, іш өтсе, жіне дене қызуы көтерілсе, міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.