Дүниежүзінде анестезиолог-реаниматолог мамандар тапшы

12.10.2023 20:32

Жиынға 9 елден келген 700-ге жуық жетекші маман қатысуда

Анестезиология және реаниматология орталығының facebook парақшасынан алынды

Дүниежүзінде анестезиолог-реаниматолог мамандар тапшы. Бұл туралы сала мамандарының IV съезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бес жылда 1 рет өткізілетін жиынға 9 елден келген 700-ге жуық жетекші маман қатысуда. Іс-шараның мақсаты – анестезиологтар мен реаниматологтардың және сабақтас мамандықтардың басын қосып, кейінгі кезеңдегі осы салада жинақталған мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын іздеу. Үш күнге созылатын басқосу аясында Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының  жаңа құрамы бекітіліп, съезд өз жұмысын арнайы резолюция қабылдаумен аяқтайды.

– Дүниежүзінде анестезиологтар жетпейді. Ұйымдастыру түрінде де мәселе бар. Біріншіден, анестезиология-реаниматология саласының ұйымдастыру ісіне қатысты стандарт қабылдап жатырмыз. Бұрын бұйрық бойынша жұмыс істейтін еді, енді стандартқа сай атқарылады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматолог дәрігері Тілеуберді Қуандықов.

–Жиында әр елден келген мамандар тәжірибе алмасты. Мен педиатриядағы анестезиологияға қатысты баяндама оқимын. Бұл салада мәселе аз емес. Әлемде анестезиолог-реаниматологтардың жетіспейтіні белгілі. Қазір мамандардың кешендік хирургия саласына жауап беруі  жағдайды қиындатып отыр, – деді анестезиолог – реаниматолог Гогохия Ираклий (Грузия)
Оқи отырыңыз: Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын зауыт салынады