АИТВ: Қызылорда облысында індеттің жаңа түрі көбейіп отыр

19.07.2023 20:35

Елімізде соңғы 10 жылда вирус жұқтырғандар саны 2 есе артқан

shifamed.ru

Елімізде соңғы 10 жылда иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны 2 есе артқан, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қызылорда облысы індеттің таралуы бойынша соңғы орында болғанымен, өңірде аталған дерттің жаңа түрі көбейген. Олардың 90 пайызы ауруды жыныстық жолмен жұқтырған. Тіркелген 26 жағдайдың 15-і Қызылорда қаласында, үшеуі Жаңақорған ауданында, екеуі Қазалыда, Байқоңыр мен басқа ауданда бір-бір жағдайдан расталды.

– АИТВ инфекциясын анықтау зертханада жүргізіледі. Бүкіл профилактикалық мекемелер, аурухана, емханалар міндетті контингенттерді тексеріп ЖИТС орталығына өткізеді. Бізде облыс бойынша 97 мың адам тексерілген. Оның ішінде 26 адам ауру жұқтырған. Бізде республика бойынша ауру жұқтыру саны аз, ең төменгі орында тұр, – деді ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі Салтанат Балықбаева.