Қызылордада кене шаққан адам саны артты

29.03.2024 20:35

Өңірде жұқпалы індет тарататын зиянкес анықталған

Almaty TV

Қызылордада 7 адамды кене шақты. Өңірдегі мамандардың айтуынша, 115 елдімекенде зиянкестерден қауіп жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені аймақ конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасыпты. Сондықтан өңдеу жұмысы екі рет жүргізілмек. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері бүгінге дейін жалпы 3 мыңнан аса кененің жиналғанын айтты. Оның төртеуінің жұқпалы індет тарататын зиянкес екені анықталған.

– Іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін тұрғындар назарына қора, аула тазалығын қатаң сақтауды ескертеміз. Елдімекендерде жүргізілетін өңдеу жұмыстары барысында үйдің иесі мал басы мен қорасын дәріленуін қатаң бақылау қажет, – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

– Қанның қоры, тиісті емдеуге қажетті иммуно плаза, КГЛ-мен ауырған науқастардың плазмасы, негізгі ем болатын ребоверин препараты, бокс бөлімшелері әрбір ауданда, облыстық жұқпалы ауруханасында дайын, – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов.

Оқи отырыңыз: Елімізде А гепатитін жұқтырушылар саны артты