Инфекцияның алдын алу мақсатында 2235 адамды өз еріктері бойынша тексерген
Алматыда жыл басынан бері 1 адам менингококк дертін жұқтырса, аталмыш инфекцияны тасымалдаушы тағы 6 адам анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Санитарлық дәрігерлер дене бөртіп, қатты бас ауруы, жоғары температура байқалған жағдайда, бірден дәрігерлерге жүгінуге шақырады. Себебі, менингококк аз уақыт ішінде-ақ асқынып, тіпті өлімге апарып та соғуы мүмкін дейді олар.
«Менингококкты тек науқас қана емес, тасымалдаушы адам да жұқтыруы мүмкін. Биыл біз аталған инфекцияның алдын алу мақсатында 2235 адамды өз еріктері бойынша тексердік. Нәтижесінде, 6 адамның тасымалдаушы екені анықталып, барлығы оқшауланып, емделді», – дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.