|
25.01.2019 | 15:46
2459

Талдықорғанда жаңа туған нәрестенің бауырына ота жасалды

 Талдықорғанда жаңа туған нәрестенің бауырына ота жасалды

Бүгін Талдықорғанда дүниеге келгеніне екінші күн болған нәрестеге ота жасалды. Алматы облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері сәбидің бауырынан кистаны алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубакірованың айтуынша, баланың бауырында киста бар екені анасының жатырында жатқанда анықталған.

«Анасының жатырында жатқан сәбидің бауырында киста бар екендігі сегізінші айында анықталды. Бірақ баланың өміріне қауіп төнбегендіктен дәрігерлер отаны нәресте дүниеге келгенде жасауды шешкен. Сәби 24 қаңтар күні туылды. Бүгін ота жасалды. Қазір ол  жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты», - деді аталған ведомстваның өкілі Л.Әубакірова.

Маманның сөзінше, мұндай оталарды Талдықорғандағы перинаталдық орталығының дәрігерлері бұған дейін жасамаған. Ал  осындай жағдай болса, болашақ аналарды Алматыға  жөнелтіп отырған.

«Алматы облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бұл отаны бірінші рет жасап отыр. Операция  барлығы сәтті өтті. Анасының да, баланың да жағдайы жақсы», - деп толықтырды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир