Жаңа штамм бұрынғы нұсқаларға қарағанда әлсіз
Мысырдың Денсаулық сақтау және тұрғындарды қоныстандыру министрлігі елде COVID-19-дың жылдам таралатын EG.5.2 штамының расталған екі жағдайының анықталғаны туралы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа штамм «Eris» деп аталады.
-Тұмауға ұқсас аурулар, жіті респираторлық аурулар және пневмония жағдайларын мониторингтеу орталықтарының талдау нәтижелері Сovid-19-дың омикрон штамының екі оң жағдайын растады, - деп хабарлады ведомство өкілі.
Министрлік ауруханаға түскен екі науқаста вирустың жеңіл клиникалық белгілер барын айтады. Мысырдың денсаулық сақтау министрінің аурулардың алдын алу медицина жөніндегі көмекшісі Амр Кандил азаматтарды жаңа штамм бұрынғы нұсқаларға қарағанда әлсіз болғандықтан, қосымша профилактикалық шараларды қажет етпейтін жеткізді.
Аурудың белгілері EG-5.2 жеңіл болғанымен, министрлік әсіресе егде жастағы, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға екпе салуды ұсынады.
Eris жайлы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, EG.5-тің жаһандық таралуы бүкіл әлемде маусым айының соңында коронавирус бойынша жалпы жағдай - 7,6%-дан 17,4%-ға дейін өсті.
Вирус соңғы уақытта сәтті вакцинацияның арқасында төмендегенімен, ДДҰ 3 тамызда аяқталған 28 күндік кезеңде әлемде 1 миллионнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелгенін хабарлады ДДҰ.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-адам табылды