Алматыда Қытайда тараған қауіпті вирусқа қатысты ешқандай инфекция жоқ

Алматыда Қытайда тараған қауіпті вирусқа қатысты ешқандай инфекция жоқ
Елімізде жұқпалы ауру саласының мамандары арнайы оқытылып, қажет жағдайда вирус жұқтырғандарды емдеуге сақадай сай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде осы тектес ақпараттар көбейген. Тұрғындардың мұндай жалған мәліметтерге сенуі негізсіз. Бұл туралы бүгін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті хабарлады. Сондай-ақ, Алматы тұрғандары үшін барлық дәріханаларда медициналық маскалар жеткілікті. Бірақ фармацевтер тарапынан бетперденің көп сатылуына байланысты, әдейі жоқ екенін айтып, бағаны аяқ-асты аспандату қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жөтелу, мұрын бітелу, бұлшық еттер мен буындардың қақсауы, дене қызуының көтерілуі. Бұл - әлемді дүрліктірген қытайлық коронавирустың алғашқы белгілері. Мамандар бұл дертті әдеттегі тұмаумен немесе өткір респераторлық вирустық инфекциямен шатастыруға болмайтынын айтады. Өз денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында алматылықтар вирустан қорғану құралдарын шұғыл сатып ала бастады.

«Қауіпті вирустан сақтанудың бірден-бір оңтайлы жолы медициналық масканы тұратқы пайдалану. Осыған байланысты, фармацевтертен масканың өтірік біткенін айтып,  халықты дүрліктірмесе екен деймін. Және әріптестерімнен бағаны әдеттегіден қымбаттапауды ұсынамын», - деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСИМОВА.

Дәрігерлер дүрлігуге еш себеп жоғын айтады. Елімізде жұқпалы ауру саласының мамандары арнайы оқытылып, қажет болған жағдайда вирус жұқтырғандарды емдеуге сақадай сай дейді. Сонымен қатар, Қытайдан жақында келген азаматтардың тізімі жасалып, олардың денсаулығында инфекцияның бар-жоғы толықтай тексеріліп жатыр. Қазір Қазақстан аумағаныда қауіпті вирус жұқтарғандар жоқ.

«Соңғы мәліметтерге сенсек, қауіпті вирус Қытайдың 20 провинциясында анықталып отыр. 4 қалада карантин жарияланды. 5744 қытай азаматы денсаулығынан короновирус анықталды», - деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСИМОВА.

Алматыда осы қауіпті індетке байланысты күн сайын арнайы қалалық штабтың жиындары өтеді. Штаб құрамында әр түрлі комитеттер мен департаменттердің басшылары бар. Олар күн сайын короновирустың жағдайы туралы есеп беріп, қажетті сақтық шараларын енгізу жұмыстарын талқылаумен айналысады. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға адам көп шоғырланған жерлерде жеке гигиенаны қатаң сақтауды сұрайды. Қолды жиерек жуып, барынша медициналық масканы тұрақты пайдалануды ұсынады.

Новости партнеров