Қазақстан ғалымдары маймыл шешегін анықтайтын тест жасады

01.06.2022 21:04

Бас дәрігер азаматтарға Африка елдеріне әзірге саяхаттамауға кеңес берді

Almaty.tv

Қазақстан ғалымдары маймыл шешегін анықтайтын тест жасады. Ол туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыным бермеген. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Дегенмен бас дәрігер азаматтарға Африка елдеріне әзірге саяхаттамауға кеңес берді.

«Біз маймыл шешегін анықтау үшін диагностика дайындадық. Бұл – арнайы тесттер. Олар осы ауруды анықтауға көмектеседі. Маймыл шешегінің белгілері бар пациенттерді тексереміз.Қазақстан азаматтарына ауру көп тараған елдерге, әсіресе, Африка елдеріне саяхат жасауды шегере тұруға кеңес беремін», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі нәресте өлімінің басты себептерінің бірі екенін айтты.

«Жаңа туған нәрестелердегі денсаулығында ағза жүйесінің ауытқуы - 96,3, хромосомалық әртүрлі бұзылулар - 3,7 пайыз. Туа біткен ауру салдарынан тіркелген өлім саны 2-орын алады», – деді  ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.