Бұл туралы Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин Алматы қаласының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы әкімдігі 240 орындық қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасын 125 оттегі концентраторымен қамтамасыз ететін болды.
«Қазіргі уақытта бізде 25 концентрант бар, оның 17-сі 8 литрден. (Ол екі адамға жеткілікті). Аппараттар жеткілікті, науқастар толық қамтамасыз етілген. Қала әкімдігімен бірлескен жұмыстың арқасында келесі айда бізге 125 оттегі концентраторы беріледі. Сондай-ақ, біздің аурухананың барлық төсек орындарын қамтитын екі оттегі қондырғысын орнату жоспарлануда», – деді Э. Сералин.
Аурухананың жансақтау бөлімі 12 орынға есептелген. Бас дәрігер оның барлығы өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарымен жабдыталғанын атап өтті
«12 төсекке арналған 12 жасанды тыныс алдыру аппараты бар. Алдағы уақытта тағы 6 құрылғы сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, респираторлық қолдауды қажет ететін науқастар үшін әр палатада оттегі пункттері бар, оған қосымша оттегі мобильді машиналарын қолданамыз», – деп толықтырды Е. Сералин.