Қауіптілігі орташа карантиндік стационар мамандарына және санитарлық бөлімдердің дәрігерлеріне үстемақы тағайындалды
Пандемияның негізгі ошағында жүрген 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы үстемақы жариялаған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Қауіптілігі жоғарғы инфекциялық бөлім мен стационарлық жан сақтау бөлімдерінің дәрігерлеріне 850 мың теңге, провизорлық стационарлық бөлімдер мен жедел-жәрдем дәрігерлеріне 425 мың теңге төленді.
Ал қауіптілігі орташа карантиндік стационар мамандарына және санитарлық бөлімдердің дәрігерлеріне 212 теңге көлеміндегі үстемақы тағайындалды.