Алматыда 400-ге жуық пациент кардиореабилитациядан өтті

24.07.2024 21:16

Кардиологиялық науқастарды оңалту бірнеше маңызды кезеңді қамтиды

УОЗ

Жыл басынан бері Алматы қалалық кардиологиялық орталығында 420 пациент оңалту емінен өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда науқастарға жедел миокард инфарктісінен кейін, магистральдық тамырларға және жүрекке клапан отасынан кейін оңалту қызметтері ұсынылады.

"Кардиореабилитация бөлімшесі ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары мен отадан кейін пациенттерді кешенді қалпына келтіру үшін қажетті барлық затпен жабдықталған. Оның құрамына: емдік дене шынықтыру залы, тұз шахтасы, физиотерапия кабинеті, массаж кабинеті және психолог кабинеті кіреді. Біздің бөлімшенің негізгі міндеті - пациенттің физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін барынша іске асыру, мүгедектіктің алдын алу және пациенттерге қазіргі ауру шеңберінде барынша толыққандылыққа қол жеткізуге көмектесу", - деп бөлісті Кардиореабилитация бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Тасырова.

Кардиореабилитация бөлімшесі 20 төсек-орынға есептелген және стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған.

Кардиологиялық науқастарды оңалту бірнеше маңызды кезеңді қамтиды: медициналық тексеру және диагностика, жаяу серуендеу, жүзу, велосипед тебу және жеңіл күш жаттығулары, салауатты өмір салтын үйрету сияқты физикалық белсенділік.

Сонымен қатар мұнда пациенттерге психологиялық қолдау көрсетіледі, өйткені ауыр ауру көбіне әдеттегі өмір ырғағын бұзады және стресс тудырады.

Психологиялық қолдау және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек терапиясы пациенттерге мазасыздық пен депрессияны жеңуге көмектеседі.

"Пациенттерге оңалту МӘМС шеңберінде, портал бойынша қаланың емханаларынан жолдама бойынша, сондай-ақ кардиохирургия бөлімшесінде ота жасалған пациенттерге жүргізіледі", - деп қорытындылады Сәуле Тасырова.