|
24.01.2020 | 16:17
4995

Қазақстанда алғаш рет жүрек қақпақшасын түзеу отасы жасалды

Шеберлік сағаты Германиядан келген жетекші кардиохирург (Гамбург қ.), профессор Thorsten Hanke қатысуымен өтті

Қазақстанда алғаш рет жүрек қақпақшасын түзеу отасы жасалды пресс-служба НИИ кардиологии и внутренних болезней

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастырған шеберлік класс шеңберінде Қазақстанда алғаш рет Германиядан келген жетекші кардиохирург (Гамбург қ.), профессор Thorsten Hanke қатысуымен  Atricure жүйесімен криоблация жасай отырып митральды қақпақшаны хирургиялық түзету (экстремалдық суықтың әсеріне негізделген жүрек аритмиясын емдеу), жүрекше фибрилляциясындағы жүрекшенің сол жақ құлақшасын торакоскопиялық клиптеу  бойынша операция жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласына «Қақпақшалы және қақпақшалы емес жүрекше фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында өтіп жатқан шеберлік класқа қатысу үшін Қазақстанның барлық  өңірлерінен кардиолог дәрігерлер, интервенциялық кардиологтар мен аритмологтар, кардиохирургтар, терапевт дәрігерлер және жалпы практика дәрігерлері келді.

Қатысушылар профессор Thorsten Hanke жасаған электрофизиология және терапияны тиімді таңдау туралы дәрісті тыңдады. Ол жүрекше фибрилляциясының қаншалықты қауіпсіз екенін айтып өтті. Оның айтуынша, жүрекше фибрилляциясын сәтті емдеу пациенттердің өмір сүру сапасын, ұзақтығын және деңгейін жақсартуға, инсульт қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар доктор Thorsten Hanke мамандарды оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын және хирургтың алғашқы жасайтын бес операциясы міндетті түрде тәжірибелі маманның жетекшілігімен өтуі керектігін атап өтті.

Институттың кардиология кафедрасының профессоры Кульзида Кошумбаева жүрекше фибрилляциясына абляция жасалғаннан кейін пациенттерді операцияға дейін және операциядан кейін емдеп-қарау туралы, ал жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Роин Реквава – жүрекше фибрилляциясының транскатетерлік терапиясы туралы айтып берді.

Шеберлік класс барысында нақты клиникалық жағдайлар қарастырылды және қатысушылар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлімше меңгерушілері Рүстем Төлеутаев және Роин Рекваваның  профессор Thorsten Hankeмен бірлесіп жасаған операцияларды көруге мүмкіндік алды.

Жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестеріне жүрекше фибрилляциясын торакоскопиялық емдеудің тәсілдерімен таныстыратын болады.

Осындай шеберлік кластарды өткізу кардиохирургиядағы оперативтік араласаулардың техникасын меңгеруге, мамандардың кәсіби дағдысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Профессор Thorsten Hanke әлемдік практикада белгілі кардиохирург, Торакальдық және жүрек-тамыр хирургиясы жөніндегі неміс қоғамының, Еуропалық кардиоторакальдық хирургия  қауымдастығының, Неміс кардиологиялық қоғамының Аритмия жұмыс тобының, сондай-ақ Неміс кардиологтар қоғамының мүшесі болып табылады. Ол медицина саласында жасаған еңбегі мен ғылыми жаңалықтары үшін көптеген сыйлықтар мен гранттардың иегері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир