Алматыда қызылшаға қарсы екпе 1 сәуірден басталады

Алматыда қызылшаға қарсы екпе 1 сәуірден басталады
Мамандар екпенің пайдасы туралы халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарына басымдық беру керектігін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінде қызылша, қызамық, паротит ауруларына қарсы екпе салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарда қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қызылша жұқпасына қатысты эпидемиялық ахуал туралы баяндады.

«Жиында эпидемияға қарсы шаралар, қызылшаны зертхана жағдайында зерттеу үшін науқастардан сынама алу мүмкіндігі, індет ошағын таратпау туралы айтылды. Сонымен қатар 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қызылша, қызамық, паротитке қарсы ең ұрымтал тұлғалар  9-10 айға толмаған нәрестелер, 40 жасқа дейінгі медициналық жұмыскерлер, эпидемия ошағындағы 30 жасқа дейінгі адамдарға екпе салуды ұйымдастыру мәселелері сөз болды», - деді Әсел Қалықова.

Мамандар екпенің пайдасы туралы халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарына басымдық беру керектігін айтты.  


Новости партнеров