Дексаметазонды үй жағдайында қолдануға болмайды – Балалар ауруханасының бас дәрігері

21.07.2020 23:59

Ержан Сералин ауруханаға Алматы әкімдігінің көмегімен келесі айда 125 оттегі концентраты жеткізілетінін хабарлады

иллюстративное фото с сайта etosustav.ru

Дексаметазонды үй жағдайында қолдануға болмайды. Бұл туралы Алматы қаласындағы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, ол COVID-19 -дан емдеу және станционарларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін де көтерді. Қазір әлеуметтік желіде дексаметазонды қабылдауға болатыны жайлы ақпарат тараған. Алайда аталған препаратты дәрігердің бақылауымен станционарларда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Өйткені одан асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан өзін-өзі емдеумен айналыспаған жөн. Оған қоса, Ержан Сералин ауруханаға Алматы әкімдігінің көмегімен келесі айда 125 оттегі концентраты жеткізілетінін хабарлады.

«Біздің ауруханамызда 240 орынға арналған балалар мен ересек адамдарды емдеп жатырмыз. Емдеуді дәрі-дәрмекпен және дәрі-дәрмексіз деп бөлуге болады. Біздің ауруханамызда 12 төсек орынға арналған. 12 төсек орын мына монитор дейміз, ИВЛ аппараттарымен бәрімен жабдықталған. Және де оны лабораториялық керек жабдықтар қосымша бар. Науқастар көмекті уақытында қабылдап жатыр», – деді қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.

Ал, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында пандемия басталғалы бері 239 бала коронавирустан айыққан. Олардың арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Дегенмен көбі жеңіл немесе орташа ауыр түрде өткен. Қазір 9 бала ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайын дәрігерлер бірқалыпты деп бағалап отыр. Ал күні кеше ғана 10 күндік шақалақ пен 83 жастағы қарт жазылып, үйлеріне жіберілді. Дәрі тапшылығы жоқ. Ем-дом жасауға мүмкіндік бар деді Ержан Сералин.

«Дәрі-дәрмек жағынан қазір өте көп сұрақтар қойылып жатыр. Ауруханаларда дәрі жоқ, жетіспейтін нәрселер көп деп айтып жатыр. Ол енді қазіргі таңда бүгінге ондай бізде мәселе жоқ. Керек дәрілердің бәрі қамтамасыз етілген. Мына біздің әкімдіктің арқасында күнде 2 рет біз қандай дәрі керек екенін беріп, таңертең кешкісін қадағалап отырамыз», – деді қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин