|
09.02.2021 | 18:58
5011

Шымкентте 101 жастағы әжейдің жүрегіне ота жасалды

Қаланың кардиология орталығында бұрын-соңды мұндай тәжірибе болмаған

Шымкентте 101 жастағы әжейдің жүрегіне ота жасалды Almaty.tv

Шымкентте 101 жастағы әжейдің жүрегіне ота жасалды. Ақ халаттылардың айтуынша, қаланың кардиология орталығында бұрын-соңды мұндай тәжірибе болмаған. Жүрек қағысы 60-қа дейін түскен қарияның қазіргі жағдай тәуір. Осылай деген дәрігерлер соңғы жылдары жүрегіне шағымданатындардың артып бара жатқанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

101 жасқа жеткен шымкенттік Варвара Толоконникова 4 күн бұрын ауыр операциядан шықты. Жүрек қағысы 60-қа дейін төмендеген ол ауруханаға өте нашар халде жеткізілген. Өлім мен өмір арасында жатқан қарт тұрғынға шұғыл түрде электракордиостимулятор имплантациясы қойылыпты. Осылайша аман қалдым дейді ғасыр жасаған әжей.

«Өзімді өте нашар сезіндім. Тәбетім құрып, ас батпай қалды. Әне-міне өлем бе деп жаттым. Ал, отадан кейін бәрі өзгерді. Тәбетім де ашылып, тамақ та ішіп алдым», – деді науқас Варвара Толоконникова.

Дәрігерлердің сөзінше, шымкенттіктер соңғы жылдары жүрек қағысының нашарлауына жиі шағымдана бастаған. Сондықтан да электрокардиостимулятор имплантациясына жүгінетіндер көп. Алайда жүрек қағысын реттейін қондырғы бұған дейін ғасыр жасаған жанға ешқашан қойылмаған екен.

«101 жастағы науқасқа Электрокардиостимулятор имплантациясын бірінші рет жасап жатырмыз біздің тәжірибеде. 95-96 жасар апалар-аталарға жасағанбыз. Айта кетерлік жағдай, науқастардың жасы ұлғайған сайын олардың тіндері де өте нәзік болып келеді. Сондықтан өте нәзік жұмыс істеуіміз керек», – деді қалалық кардиология орталығының дәрігері Азат Тұрсынбеков.

Жүрегі қайта қалыпқа келген қарт әжей енді бірер күнде үйіне шығарылады. Мамандар сөзінше, оған қондырылған аппарат 10 жылға дейін қызмет атқаруы керек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир