Алматылық офтольмологтар күрделі жарақат алған науқастың көру қабілетін сақтап қалды

Online Marketing / Unsplash
Online Marketing / Unsplash

Науқасқа шұғыл ота жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық офтольмологтар күрделі жарақат алған науқастың көру қабілетін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

32 жасар азамат өз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдағанда, бұл оның көру қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін деп ойламаған.

Дәрігерлердің асқан кәсібилігі мен заманауи медицинаның жаңа әдісінің көмегімен оның көру қабілеті аман қалды.

Науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға көз  қабығының енген жарақаты, жарақат катарактасы және көзішілік бөгде зат – яғни, көздің торлы қабықшасына енген таспен жеткізілген.

Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Оған шұғыл көмек көрсету қажет болды.

Офтольмология бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Талғатқызы жетекшілік еткен медициналық топ шұғыл түрде отаға кірісті.

- Көз қабықшасы жарақаты тігілді, ал бұлыңғыр қабат факоэмульсификация көмегімен алынып тасталды. Ота барысында ең күрделісі көздің торлы қабатынан бөгде затты алып тастау болды. Біз витроэктомия жасадық. Бұл көзден бөгде затты алып тастау үшін жасалатын ота, - деп түсіндірді Гүлзат Абдраимова.

Көздің басқа да жарақатын болдырмау үшін микрохирургиялық отаның бұл түрі асқан шеберлік пен дәлдікті қажет етеді.

Мамандар отаны сәтті өткізді және көзден тасты алып тастау еш қиындықсыз өтті.

Отадан кейін науқасқа оңалту курсынан өту, соның ішінде күнделікті дәрі қабылдау және уақтылы дәрігерлердің қабылдауында болу ұсынылды.

Науқастың ауруханаға уақтылы жүгінуі мен медицина қызметкерлерінің асқан шеберлігінің арқасында науқастың көру қабілетін сақтап қалу мүмкін болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды

Новости партнеров