Алматыда Қазақстан хирургтерінің III съезі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Елімізде 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Олар шұғыл түрде бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе трансплантациясын қажет етеді.  Олардың ішінде 79 бала бар. Мұндай ақпарат бүгін Алматыда өткен Қазақстан хирургтерінің  III съезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ағза ауыстыруға зәру жандардың жыл сайын көбеюіне донор тапшылығы себеп болып отыр дейді дәрігерлер. Мұндай мәселе тек бізде емес, басқа мемлекеттерде бар екен. Медицина саласындағы әлемнің жетекші мамандары бүгін осы тақырыпты кеңінен талқылап, өз тәжірибелерін бөлісті.

«Ағза жетіспеушілігі қай елде болмасын өзекті. Донор мен науқас ағзасының үйлесімділігі керек. Екеуі де бірнеше медициналық тексеруден өтеді. Қазақстанмен 2011 жылдан бастап үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Қазір мұндағы медицина басқа елдерден артық болмаса, кем емес. Өте қарқынды дамып келе жатыр. Отаны соңғы технологиямен жасаудың озық үлгілері қалыптасқан», – деді  «Хирургия, трансплантология және гематология» ғылыми орталығының директоры Олег Руммо.

Халықаралық деңгейдегі конференция елімізде биыл 3-рет ұйымдастырылып отыр. Оған Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Үндістаннан делегация келді. Сондай-ақ өзге де шетелдік хирургтар іс-шараға онлайн қатысып, баяндама оқыды. Жиын 2 күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында әлемнің білікті дәрігерлерінің қатысуымен шеберлік сағаты өткізіледі.

«Респбулика бойынша Алматы қаласының хирургия саласында мүмкіндігі жоғары. Оның ішінде Сызғанов атындағы ғылыми зерттеу институтының бастамасымен біраз мамандар мен хирургтар тәжірибе алып жатыр. Қазіргі таңда іске асырудамыз», – деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Иран Шаметеков.

Новости партнеров