5 жыл ішінде Алматы онкологиялық орталығында дәстүрлі кесу әдісі арқылы 92 гастропанкретодуоденальды резекция жасалған
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Алматыдағы онкология орталығында хирургтар алғаш рет ұйқы безі басының қатерлі ісігі бар науқасқа жоғары технологиялық ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы онкологиялық орталығына ұйқы безі басының ісігіне шалдыққан 69 жастағы әйел түсті.
Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі MD-PhD Нұрлан Балтаев алғаш рет лапароскопиялық гастропанкреатодуденальды резекция – Уиппл отасын жасады.
Кеспей жасалатын ота кезінде хирург бір мезгілде ұйқы безінің басын, асқазанның дистальды бөлігін, он екі елі ішекті, аш ішектің бастапқы бөлігін, өт жолдарының бөлігін, өт қабын және аймақтық лимфа түйіндерін алып тастады.
Бұрын мұндай диагноз қойылған кезде ота дәстүрлі әдіспен - хирургиялық кесу арқылы жасалатын. Бұл өз кезегінде пациент үшін зақымды болған, өйткені отадан кейінгі кезеңде терең жаралардың және басқа да күрделі асқынулардың даму ықтималдығы жоғары болатын.
Бұл жолы алматылық онкологтар отаны шағын инвазивті әдіс – лапароскопия арқылы бірнеше жерден тесіп жасады.
Мұндай оталар аз зақымды араласу болып табылатынын айта кету керек.
«Ондаған жылдар бойы гастропанкреатодуоденальды резекцияның нәтижелері жағымсыз еді: оларды көптеген асқынулар және өлім-жітімнің айтарлықтай жоғары деңгейімен сипаттауға болатын. Ал қазіргі кезде осы отаның дәлелденген техникасы, оталық бөлменің заманауи жабдықталуы және анестезиологтар мен реаниматологтардың жоғары кәсіби дайындығының арқасында араласудың бұл түрі ең аз асқыну мен отадан кейінгі өлім-жітіммен сипатталып, ұзақ уақыт бойы жақсы нәтиже береді. Өмір сүрудің мерзімді нәтижелері және кейіннен өмір сапасы да жақсы. Ота 7 сағаттан астам уақытқа созылды. Қан жоғалту 200 мл-ді құрады. Науқас отадан кейінгі бірінші күні-ақ өзін жақсы сезінді», – дейді Нұрлан Балтаев.
5 жыл ішінде Алматы онкологиялық орталығында дәстүрлі кесу әдісі арқылы 92 гастропанкретодуоденальды резекция жасалған. Енді қалалық онкологиялық орталықта мұндай оталар шағын инвазивті әдіспен жасалатын болады.