Алматыда өңеш пен асқазан-ішек жолдарының қосарлануына бір мезетте күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өте сирек кездесетін патология жаңа туған нәрестеден байқалған. «Туа сала тыныс ала алмаған және іш қуысындағы ақау сәбидің өміріне қауіп төндірді» дейді мамандар. Сондықтан, дәрігерлерге бір мезетте бірнеше отаны қатар орындау қажет болыпты. Осылайша, жалпы 4 сағаттан асқан күрделі операция арқылы нәрестені ажал аузынан аман алып қалу мүмкін болған.
«Бір кезекте өкпесіндегі, кеуде және іш қуысындағы түзілісті де алып тастауға тура келді. Мақсат – баланың өмірін сақтап қалу. Ота сәтті өтті деп ойлаймыз. Бала қазір анасымен бірге үйге шығарылды. Денсаулығында, кеуде қуысында да ешқандай патологиялық өзгеріс байқалмайды», – деді неонаталды хирург Гүлмира Кәукенбаева.