«Денсаулық айлығы» «Боралдайда» жалғасты

13.08.2019 02:31

Жергілікті жұрт жылжымалы кешеннің ауданға арнайы келгеніне дән риза

Almaty.tv

«Денсаулық айлығы» акциясы аясында дәрігерлер бүгін «Боралдай» ықшамауданы тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Таңғы 9-да басталған акцияға Алатау ауданының тұрғындары ағылып кеп жатыр. Жергілікті жұрт жылжымалы кешеннің ауданға арнайы келгеніне дән риза, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мамандар тұрғындарды тексеріп қана қоймай, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беруде. Айта кетейік, қала әкімінің бастамасымен «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған Денсаулық айлығының мақсаты –  шалғайда түратын тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

«Біздің құрамымызда дәрігер кардиолог, невропатолог, жалпы тәжірибелік дәрігерлер бар. Және де акушер-гинекологымыз да бар.  Одан бөлек, флюорография жасаймыз, ЭКГ-ден өтуге мүмкіндік бар және де қанның құрамындағы холестерин, қантты анықтаймыз, микрореакцияларға тапсыруға мүмкіндіктері бар», – деді Алматы қаласы №29 қалалық емхананың дәрігері Гозаль РАХМАНОВА.

«Мен ауырып жүр едім, сол кезде дәрігерлердің өзі келді,  жақсы болды», – деді Гүлжамал БАЙДОЛДА.