Жаңа жыл күндері жедел жәрдем қызметі 56 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті

01.01.2024 21:51

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында тіркелген

elements.envato.com

Өткен жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мыңды құрады, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында – 5800, Алматы облысында – 5000-нан астам, Түркістан облысында – 460-тан астам және Астана қаласында – 4000-нан астам шақырту, Шымкент қаласында 3000-нан астам шақырту болды.

«Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді. 150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі. Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады.

Теги: Жаңа жыл