Денсаулық сақтау министрлігі жазалаушы немесе бақылаушы орган емес
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният неліктен Қазақстанда вейпингке тыйым салуды ұсынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ажар Ғиният Қазақстанда балаларға темекі сатуға тыйым салынғанын еске салды. Сол себепті өнімдерді дүкенде ашық көрсетуге тыйым салынады.
- Ересек адам өз бетінше шешім қабылдайды. Дегенмен олар үшін де біз профилактикалық шара қолдандық - ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып "қорқынышты жағдайлар" деп аталатынды, аурулардың қаупі туралы ескертетін суреттері бар ескерту белгілерін енгіздік. Ал балалар әлі де көп нәрсені түсінбейтіндіктен және денсаулығына қауіп төндіретінін алдын ала саралай алмайтындықтан оларға қатаң тыйым салу шарасы бар, - дейді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Сонымен бірге ол "Денсаулық сақтау министрлігі жазалаушы немесе бақылаушы орган емес" және кейбір сарапшылар ұсынатындай вейпингке қатысты шектеу шарасының сақталуын бақылай алмайтынын атап өтті.
- Вейптерге келсек, оған кальян сияқты тыйым салу жұмыс істемейді. Вейптертің бала ағзасына зиян екені ғылыммен дәлелденген. Вейпте химиялық заттар көп, қайсысы қандай органға қалай зиян келтіретіні әлі толық зерттеліп болмаған, - деді министр.
Ал журналистер ересектердің де вейп тартатынын еске салды. БАҚ өкілдері "Қазақстан билігі вейпке тыйым салу ұсынысымен ересектерді таңдау құқығынан айырмай ма?" деп нақтырақ сұрады. Оған министр Ажар Ғиният қысқаша жауап берді: "Деніңіз сау болады! Бәрі сау болады. Мен әйелдердің еркектерге қарағанда темекі көп шегетінін байқадым. Барлық жерде темекі тартатын әйелдер бар. Ал сіздің артыңызда ұлт денсаулығы, халықтың денсаулығы тұр".
Оқи отырыңыз: «Ұлттық қор – балаларға»: Бала қайтыс болса, жиналған қаражат мұраға беріле ме