Аңсаған сәби: 7 мың нәресте жасанды ұрықтандыру жолымен өмірге келді

Almaty.tv
Almaty.tv
Отандық репродуктолог мамандар жыл сайын шетелге оқуға жіберіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде соңғы 3 жылда 7 мың нәресте жасанды ұрықтандыру жолымен өмір есігін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бедеулігі бар отбасыларға ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба жұмысын бастаған бірінші жылдың өзінде 1000 квота бөлінген. Ал қазір олардың саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстан жасанды ұрықтандыру жүйесін дамытуда Орталық Азияда көш бастап келеді. Отандық репродуктолог мамандар жыл сайын шетелге оқуға жіберіледі. Бұл өз кезегінде жобаның сәтті іске асырылуына мүмкіндік жасамақ.

– Бағдарламаға жылына 1000 квота беріліп келген. Кезегін күтетін әйелдердің саны да көп болатын. Президент тапсырмасымен квота саны 7 есе артты, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

– Біздің қызымыз 2023 жылы дүниеге келді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота алдық. Президентке рақмет айтамын, – деді қала тұрғыны Динара Бекетаева.

Оқи отырыңыз:  Жайлы мектеп: Алматыда 22 мектеп салынып жатыр

Новости партнеров