|
03.06.2024 | 17:18
186

«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынады

Сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ

«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынады Almaty.tv

«Жетісу» футбол клубының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынады. Ақпаратты Талдықорған қаласына қарасты мамандандырылған тергеу сотының ресми өкілі растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда құқық қорғау органдары тергеу құпиялығына сүйеніп, 67 жастағы клуб басшысына қозғалар іске қатысты ақпарат жарияламады.

Айта кетейік, Дөңсебаев 2004 жылдан бері Талдықорған футбол федерациясын басқарып келеді.

– Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша 2024 жылдың 1 маусымында сот қаулысымен тергеу амалдарының күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ, – деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы алаяқтардың жалған хабарламаcын жария етті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир