Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm« фармацевтикалық компаниясы болып табылады
Өткен тәулікте отандық кәсіпорындар 748 мың дана бетперде шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана бетперде өндірілді. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың дана, тігін – 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 мың дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация« ЖШС-на беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі. Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm« фармацевтикалық компаниясы болып табылады. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана бетперде шығарды», – делінген хабарламада.