Мемлекет басшысы «СҚ-Фармация» басшысына ескерту жасады

01.04.2021 21:58

Президенттің айтуынша жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәті келді

t.me

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СҚ-Фармация басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда - жұмыстан босатылады»,– деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл кеңесінде. 

Еске салсақ, аталмыш жиында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, Президент Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келе жатқанымызды айтып, соның кесірінен жедел жеткізілім үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүр боп отырғанымызды жеткізген.