Қызылордада коронавируспен күресте көз жұмған дәрігерлерге ескерткіш қойылды

inform.kz
inform.kz
Сол бір қиын кезеңде дәрігерлер сан мыңдаған адамға қол ұшын созып, олардың өмірін сақтап қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада коронавируспен күресте тұрғындар денсаулығын сақтау жолында ерлікпен көз жұмған дәрігерлерге арналған ескерткіш бой көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірде былтыр дүниежүзін дүрбелеңге салған қатерлі індетпен күрес барысында 19 медицина маманы өмірден өтті. Сол бір қиын кезеңде дәрігерлер сан мыңдаған адамға қол ұшын созып, олардың өмірін сақтап қалды. Сол ізгілікті жолда індетті жұқтыру салдарынан ғұмыры ерте үзілген ақ халатты жандар қашанда елдің есінде мәңгілікке сақталады. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жанында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті жұртшылық көп жиналды.

Аталған шара барысында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова ақ халатты мамандық иелерінің халық денсаулығын сақтау жолында өлшеусіз еңбек сіңіргенін атап өтті. Нәтижесінде өзінің мамандығына адал дәрігерлердің шипалы қолының арқасында өңірде аурушаңдық деңгейі бүгінде біршама төмендеп тұр. 

Сондай-ақ, жиын барысында сала ардагерлері Тұрғанбай Маханов, Рая Көзденова халқымыз мұндай сан түрлі сыннан өткенін айтты. Сол сәттерде дәрігерлер әрдайым алдыңғы шептен көрінді.


Новости партнеров