Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді
Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, елде цифрландыру үрдісі қарқынмен жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысы өз жолдауында денсаулық сақтау саласын цифрландырудың маңыздылығына ерекше мән бергенін еске салайық. Президент дерекқорларды біріктіру, науқастарды бақылау жүйесін құру мәселелерінің өзектілігін атап өткен болатын.
«Бүгінгі таңда біздің елде цифрландыру үрдісі өте үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Бірақта ЦОП процесі бойынша электрондық денсаулық сақтау паспорты енгізілуі біраз тежелейін деп тұр. DAMU-MED жүйесі науқастардың және дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетуге үлесін қосты. Дәрігерлер жұмысын плантшетпен, компютермен немесе телефонмен жүргізуге мүмкіндік алды. Ол дәрігердің белгілі бір жұмыс орынына байланып қалмай, науқасқа тағайындайтын тағайындамаларын жасауға үлкен мүмкіншілік береді. Бірақ айта кететін жайт біздің клиникамызда да сол DAMU-MED жүйесі енгізілген. Бірақ біз ескі INFO-MED жүйесінде жұмыс істеуге міндеттіміз. Өйткені орталықтандырылған дәріханамыз, DAMU-MED жүйесімен жұмыс істеуі тежеліп тұр. DAMU-MED жүйесіне тапсырыс берілген, 2 жыл ішінде сол шешімін табады деп күтіп ек. Бірақ екі жылдан асып кетті. Республикалық ауруханаларда да дәл сондай. Олар да DAMU-MED жүйесімен жұмыс істеп келе жатыр, бірақ дәрілік препараттарды тағайындау үшін, олар мынау Exeel програмасын немесе қағазға жазады. Науқас дәрісін DAMU-MED арқылы емес, қағаз тағайындама арқылы алып жатыр», – деді Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаев.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.
«Цифрландыру медициналық персоналдың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Бірақ тексеру формаларының индикаторларын үстін-үстіне үйіп толтырып жатыр. Емханаға баратын болсаңыз дәрігер жұмысынан бөлек, миллиондағын форманы толтыруы керек. Менің ойымша сол қажет емес формалардың бәрін қысқартатын болса, жалпы цифрландыру адамның өмірін жеңілдетуге арналған. Ол қағазбастылықтан айырады. Цифрлық жүйеде бір нүктені басып, толық бір айдың есебін шығуға болады. Медибикенің де жұмысы жеңілдеуі керек. Израильде болған кезде науқас арнайы карточкасын немесе жеке куәлігін береді да сол арықыл жүйеде барлық ауру тарихы шыға келеді. Бізде де сол жүйе енгізілуі керек еді, бірақ қазір сот процесіне байланысты ол жүйенің біз қашан енгізілетінін білмейміз. Әрине, біз оны күтіп отырмыз. Екіншіден мына факс жүйесі науқастың түскен рентген нәтижелеін, узи қорытындысы / сурет/ бәрін ауру тарихына, денсаулық паспортына бекітіп қойып, компютерден қарауға мүмкіншілік болатын болса, жұмысымызды жеңілдетер еді», – деді деді Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаев.