|
22.04.2024 | 17:05
2498

Алматыда медбикелерді мамандандыру бағдарламасы сәтті аяқталды

Оқыту барысында қатысушылар фронтальды лекция, топтық жұмыс, дискуссия мен симуляцияны меңгерді

Алматыда медбикелерді мамандандыру бағдарламасы сәтті аяқталды Almaty.tv

Алматы онкологиялық орталығы медбикелерді халықаралық стандарт бойынша мамандандыру бағдарламасын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған онкологиялық медбике ісінің негізіне және онкологиялық бөлімшелердегі медбикелердің рөліне негізделген бағдарлама медбике білімін, дағдыларын, мүмкіндігін арттыруға және олардың дәрігерлермен серіктестігін нығайтуға арналған.

Израильден келген тәжірибелі оқытушылар Элла Муллер мен Зоар Авив жүргізген медбикелерге арналған бағдарлама 10 жұмыс күніне созылды.

Оқыту барысында қатысушылар фронтальды лекция, топтық жұмыс, дискуссия мен симуляцияны меңгерді.

Сонымен қатар онкологиялық орталыққа бару және оқытушылардан шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.

Бағдарламаға қатысқан әрбір тыңдаушы онкологиялық науқастарға көмек көрсету сапасын жақсарту және медбикелердің мәртебесін жақсарту үшін жұмыс орнында өзгерістер енгізу жоспарын жасады.

Бағдарлама заманауи денсаулық сақтау жүйесі мен медбике ісіндегі жаһандық трендтерден бастап, онкологиядағы этика және тағамтану ғылымының аспектілерін, сондай-ақ дәрігерлермен тиімді серіктестікке арналған тренингке дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтыды.

- Бұл бағдарлама онкология саласындағы медбике ісін дамытудағы маңызды қадам. Қатысушылар алған білім мен дағдылар пациенттерімізге одан да жақсырақ көмек көрсетуге көмектесетініне сенімдіміз, - деді Алматы онкологиялық орталығының директоры. 

Бағдарлама қатысушыларға онкологиялық науқастарды күту тәжірибесін жақсарту үшін жаңа білім мен құралдарды беріп, бағалаумен аяқталды.

- Спикерлердің баяндамалары өте қызықты және танымдық болды. Ал олар пайдаланған көрнекі заттар онкологиялық науқастарға медбикелік көмек көрсету кезінде қолдануға болатын әрбір әдісті ашып, нақты көрсетті. Барлық ақпарат өте пайдалы болды, бұның бәрі жұмыс үшін өте қажет. Практикалық жаттығулардың болғаны да жақсы. Өмірден алынған мысалдар көп болды. Барлығы өте қолжетімді, қарапайым әрі түсінікті, - деді АОО бас медбикесі Гүлмира Тұрсынова.

Оқи отырыңыз: Әйелдерде болатын жүрек аурулары: белгілері мен емдеу ерекшеліктері қандай

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир