|
22.04.2024 | 20:38
1014

Су тасқыны: Павлодар облысында жаңа баспананың құрылысы басталды

Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылында 14 үйге зақым келген

Су тасқыны: Павлодар облысында жаңа баспананың құрылысы басталды Almaty.tv

Павлодар облысында топан судан зардап шеккен отбасылар үшін жаңа баспана бой көтере бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірдің Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылында 14 үйге зақым келген. Оның бесеуі апатты деп танылыпты. Олардың орнына жаңасын тұрғызу өңірдегі мердігер компаниялардың біріне жүктелген. Баспаналар демеушілерден жиналған қаражатқа салынады.

– Жаңа әдіспен 2 үй салынып жатыр. Үш айда жүмыс аяқталады, – деді құрылыс учаскесінің бастығы Айдархан Шарапиденов.

Ақтоғай ауданында 28 наурызда қардың қарқынды еріп, 2 сәуірде Жалаулы ауылында төтенше жағдай жарияланған.  Қазір аймақта қауіп сейілген, қар суын жинайтын бөген қазылып жатыр.

Айта кетейік, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

– Бір жамандықтың артында жеңілдігі болады. Тәубе деп жатырмыз, рахмет. Бүкіл ел тамақ, киім әкеліп, көмек жасап жатыр, – деді Жалаулы ауылының тұрғыны Мархабат Сматаев.

Оқи отырыңыз: БҚО-дағы су тасқыны: алматылықтар қандай көмек көрсетіп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир