Алматыда төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген медқызметкерлердің еңбегі ерен

Almaty.tv
Almaty.tv
Олардың арасында қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының аға медбикесі Ғалия Алмабаева да бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде орнаған төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүріп еңбек еткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаладағы ауруханалар мен емханаларға төнген қауіпке қарамастан, олар толық құрамда жұмыс істеп, жағдайдың тұрақталуына барын салды. Олардың арасында қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының аға медбикесі Ғалия Алмабаева да бар. Ол бұл бөлімде 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында мұндай қиын жағдайды бастан өткермепті. Жауапкершіліктің жүгін арқалаған жандардың біліктілігі сыналған шақта ұжымның жұмыла жұмыс істегенін алға тартты.  

«Біздің міндетіміз қызмет көрсету болғанда, қалай бізге келіп шабуыл жасайды? Біз қызмет істеп, халық үшін жұмыс істеп жатқан адамбыз. Қорқыныш болды, әрине, қорықтық. Сонда да бірде-бір адам өз орнын тастап кеткен жоқ. Бәрі жұмыла жұмыс істеді», – деді Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының аға медбикесі Ғалия Алмабаева.  

Новости партнеров