Елімізде антисептик пен қызу түсіретін дәрілердің бағасы қымбаттаған

10.12.2020 22:09

Әсіресе антисептиктердің бағасы 33 пайызға, қызу түсіретін дәрілер 16 пайызға, ал антибиотиктер бағасы 10 пайызға жоғарлапты

Фото: ашық дереккөзден

Биыл елімізде антисептик пен қызу түсіретін дәрілердің бағасы қымбаттап кеткен. Energyprom.kz сайтының мәліметінше елдегі негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру 40 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың басым бөлігі Шымкентте, Алматы облысы мен Алматы қаласында өндірілген. Соның ішінде дәрі-дәрмектер былтырға қарағанда 51 пайызға, ал өзге фармацевтикалық тауарларды өндіру 44 пайызға дейін артыпты. Осы ретте айта кету керек, биыл елге 23 мыңнан астам тонна медикамент жеткізілген, яғни импорт – 18 пайызға көп.  

Бірақ осыған қарамастан өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда дәрілік заттар 10 пайызға дейін қымбаттаған. Әсіресе антисептиктердің бағасы 33 пайызға, қызу түсіретін дәрілер 16 пайызға, ал антибиотиктер бағасы  10 пайызға жоғарлапты.