Қысқа күндізгі жарық адамның әл-ауқатына және физикалық қалпына тікелей кері ықпал етеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігер Марианна Фигейро күн сәулесі жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, тіпті онкологиялық аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін екенін айтты. Маман жарық та физикалық белсенділік, ұйқы, дұрыс тамақтану секілді адам ағзасы үшін маңызды саналатынын жеткізді. Оның пікірінше, таңертеңгі уақытта күн көзінде жүрген дұрыс.
Күнге шықпайтын адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады?
Маманның сөзінше, ұйқы нашарлайды және когнитивті функцияларға қатысты күрделі проблемалар туындайды.
Адам ұзақ уақыт бойы нашар ұйықтаса, оның иммунитеті әлсірейді. Содан кейін метаболикалық бұзылыстар, жүрек және қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік қаупі артады.
Маман қандай кеңес береді?
Мамандар таңертең күн көзінде серуендеуге 30-60 минут аралығында уақыт бөлу қажет екенін айтады. Сонымен қатар ауа райы бұлтты болып тұрса да, үйде отырудың қажеті жоқ, одан да таза ауаға шыққан жөн.
Оқи отырыңыз: Қатерлі ісік дұрыс тамақтанбаудан туындауы мүмкін бе