Алматыдағы Орталық отбасылық емхана ашық есік күнін өткізді

Алматыдағы Орталық отбасылық емхана ашық есік күнін өткізді
Акция барысында келушілерге сондай-ақ, кардиолог, невропатолог және гастроэнтеролог қабылдауында болу мүмкіндігі туды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желдеткіш пен компьютер көздің құрғақ синдромына, ал телефон оның көру қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Бүгін Алматыда өткен ашық есік күнінде офтальмологтар 30-ға жуық науқасқа осындай диагноз қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Акция барысында келушілерге сондай-ақ, кардиолог, невропатолог және гастроэнтеролог қабылдауында болу мүмкіндігі туды. Таңертеңнен басталған шарада 150 шақты адам денсаулығын тексертіп үлгерді. Ал дәрігерлердің тегін қабылдауына емханаға тіркелгендерден басқа тұрғындар да қатыса алды.  

«Ашық есік күні өткізгенде науқастар келіп тексеріліп алады. Бәрі денсаулығы үшін тексерістерден өтіп жатады. Арнайы тексерілу барысында мәселен, көзіндегі немесе жүрегіндегі ақауды анықтап жататындар болады», – дейді Алматы қаласы Орталық отбасылық клиника офтальмологы Магирам КАРИМОВА.

«Біз бүгін Асфендияров атындағы институттың мамандарын шақырдық. Ашық есік күніннің тағы бір ерекшелігі, біз ересектермен бірге балаларды да қарадық. Болашақта осындай игі шараларды жиі өткізіп тұруды мақсат етіп отырмыз. Айта кету керек, бүгін тұрғындарды қабылдаған дәрігерлердің барлығы дерлік медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары санатты мамандар», – деп атап өтті Алматы қаласы Орталық отбасылық клиниканың меңгерушісі Ольга ПРИЛЕПКИНА.  

Новости партнеров