Әлем бойынша жылына 7 млн адам темекі салдарынан көз жұмады

31.05.2019 22:14

31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні

Әлем бойынша жылына 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Ал Қазақстанда жыл сайын ауруханаға жататын тұрғындардың 68 пайызы темекіден зардап шеккендер, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен көптеген елдер оған күреске барынша күшін салып келеді», - делінген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінде.

Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

Мамандардың айтуынша, адам жыл сайын тексерістен өтіп отыратын болса дерттің алдын алуға болады. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстанда тұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмек профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтерден тұрады.