Медицина қызметкерлері келгенде азаматтың тыныс алуы тоқтап, клиникалық өлім орын алған
Кентау қаласының 42 жастағы тұрғыны "Тасарық" су арнасында көпірден секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған. Полиция қызметкерлері жігіттің суға батқанын көріп, тез арада құтқарып қалды, дка хабарлайды Baq.kz.
"Тәртіп сақшылары шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлерін көмекке шақырған. Құтқару тобы 7 минутың ішінде келіп жеткен. Медицина қызметкерлері келгенде азаматтың тыныс алуы тоқтап, клиникалық өлім орын алған. Оң нәтижелі медициналық көмектің арқасында азамат 2 минуттан соң өзіне келген. Жедел жәрдем көлігімен Кентау қалалық ауруханаға жеткізіліп, қосымша емдік шаралары көрсетілді. Өміріне ешқандай қауіп жоқ", - делінген ақпаратта.
Дәрігерлердің айтуынша, өзіне қол жұмсамақ болған науқас жүйке жүйесінің ауытқуы бойынша диспансерлік есепте тұрады.
Жалпы Түркістан облысының жедел жәрдем қызметкерлері жыл басынан бері 160 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Оның ішінде 10 адамның өміріне араша түсіп, нақты қаперден аман алып қалған.