Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалды

AP Photo / Cecilia Fabiano
AP Photo / Cecilia Fabiano
Оқыс оқиға осыдан 3 күн болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысындағы қатты дауыл кезінде зардап шеккен 8 жастағы балаға ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер қазір Дияр Құрманғазыұлының жағдайы ауыр деп отыр. Биыл екінші сыныпты бітірген бала таэквондомен айналысқан екен. Ал онымен бірге болған тоғыз жастағы тағы бір жеткіншектің миы шайқалып, ішек жолдарына зақым келіпті. Оның жағдайы қалыпты.

Айта кетсек, оқыс оқиға осыдан үш күн бұрын тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Түс қайта тұрған қатты дауыл ойын алаңындағы жабындыны үстіндегі екі баламен қоса жұлып түсірген. Жеткіншектер бірнеше метр жерге ұшып, асфальт үстіне құлаған еді.

«Реанимотолог, аннестезиолог, балалар ортопеді бірігіп, баланың бірнеше жеріне ота жасады. Жағына, иығына металл біздері қойылды. Жалпы, ауыр жарақат алған 8 жастағы баланың жағдайын алаңдатарлық деп бағалап отырмыз», – деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың ахуалдық орталық басшысы Ерік Шонбаев.

Новости партнеров