Жемісті таңдағанда оның түсіне назар аударудың қажеті жоқ, себебі бояу қолданылған болуы мүмкін
Қарбыздың барлығы бірдей адамға пайдалы емес. Жемістің кейбірінің құрамында нитрат көп мөлшерде болады, бұл организмдегі оттегінің төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазір қарбыз маусымы емес. Олардың барлығына өсіру стимуляторлары қолданылған. Әдетте бұған селитраны пайдаланады. Осыған байланысты қарбыздар белгілі бір жағдайларда нитритке айналатын нитраттардың көптігімен қауіпті. Олар гемоглобинді белсенді емес түрге алмастырады. Бұл жасушалардың тыныс алу процесін бұзады, салдарынан тіндер мен органдарда оттегі азаяды", - деп түсіндірді диетолог Елена Соломатина.
Ол қауіпті қарбызды бірнеше белгі арқылы ажыратуға болатынын жеткізді.
"Әдетте қауіпті қарбызды қақ бөлген кезде ақ немесе сары тамыршықтары көрініп тұрады және мәйегі қантсыз болады", – дейді диетолог.
Сондай-ақ сарапшы жемісті таңдағанда оның түсіне назар аударудың қажеті жоқ екенін ескертті. Себебі қарбызды өсіру кезінде бояу қолданылуы мүмкін.
Дереккөз: Sputnik