Биыл медициналық сақтандыру жайлы халықты ақпараттандыру 33,8% -дан 35,5% -ға дейін жоғарылаған
Халық арасында медициналық сақтандыруды енгізу туралы ақпараттандыру деңгейі 2019 жылы 33,8% -дан 35,5% -ға дейін жоғарылаған. Ал, бұл жүйеге теріс көзқарас деңгейі 1,5 есе төмендеген. Жалпы, 11 ай көлемінде Алматы қаласында ішкі кіріс мөлшерімен қамту 1,3 миллион адамды құрапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ресми емес жұмыспен қамтылған адамдарды ел экономикасына тарту және жаңарту жұмыстары нәтижесінде қаланың барлық халқының 2%-ы өзектіленбеген.
Нәтижесінде, 2020 жылы Алматы қаласында медициналық көмек пен медициналық сақтандыруды қаржыландырудың жалпы көлемі 170 млрд. тг құрады, оның ішінде тегін медициналық көмекке 111 млрд. тг қаржы жұмсалмақ.
Нормативтік құқықтық актілерде түсінбеушілік қаупін азайту үшін қаладағы 77 муниципалитеттің 194 жаттықтырушысына, кейіннен облыстағы 14 345 медицина қызметкерлеріне каскадты түрде оқыту семинарлары өткізілген. Жүйенің инфрақұрылымына техникалық аудит жүргізіліп, денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелермен жабдықталуы 100%-ды құраған. Жалпы, Алматы қаласы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын деп есептеледі.