|
16.10.2020 | 21:06
6067

Еліміздің қай аймақтарында дәрігер саны жеткіліксіз

Ол туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры мәлімдеді

Еліміздің қай аймақтарында дәрігер саны жеткіліксіз Фото: ашық дереккөзден

Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің төмен көрсеткіштері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол туралы  Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры мәлімдеді. Еліміздің аймақтары бойынша дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 24 жарымнан 75,9-ға дейін ауытқиды. Бұл ресурстар аймақтар бойынша бөлудің теңгерімсіздігін көрсетеді, деді ол.

«Қазіргі уақытта медицина кадрларының тапшылығы 4112 бірлікті құрайды. Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады: анестезиолог-реаниматологтар, терапевттер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, зертханалық, психиатрлар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, жұқпалы аурулар бойынша мамандар. Эпидемиологтар, неонатологтар. Республикадағы медбикелерге арналған тапшылық - 8583 бірлікті құрайды», – деді ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры  Қанат Төсекбаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир