|
16.10.2020 | 17:43
1037

Қазақстанда интернет неге әлсіз

Төмен сапаның бірнеше негізгі себептері бар

Қазақстанда интернет неге әлсіз Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда интернет неге әлсіз? Әсіресе ауылды жерлерде аталған проблема қашан шешімін табады? Бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықты интернетпен қамту бойнша жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, төмен сапаның бірнеше негізгі себептері бар. Интернет сапасы бойынша заңнамалық талаптар жоқ. Сондықтан Заңға өзгеріс енгізіп, байланыс операторларына талапты күшейту қажет дейді. 

«Сондай-ақ, интернет магистральдарына қолжетімділік шектеулі. Байланыс операторларының белгілі бір радиожиілікті пайдалануға лицензиялары бар, бірақ нақты жиіліктерді операторлар ғана сатып немесе жалға ала алмайды. Бүгінгі күні шағын компаниялар жиі пайдаланылмайтын осы жиіліктердің иелері болып табылады. Оның себебі, қымбат бағаға байланысты интернет провайлеріне мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, барлықтарына интернетке тең қолжетімділікті ұсыну керек. Бұл осы нарықта бәсекелестік туғызады», –  деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдарда білікті IT мамандар тапшы екені белгілі болды. 500-ден астам қызметкердің 50 пайыздан астамы ақпараттық технологияға маманданбаған. Бағдат Мусин оның себебі бәсекеге қабілетсіз еңбекақы төлеуге байланысты дейді. Ал елдімекендер бойынша 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда, деп есеп берді. Алайда депутаттар бұл статистикаға күмәнмен қарады. 

«Сіздердің мәліметтеріңіз бойынша Ауылдық елдімекендердің 69 пайызы интернет желісімен қамтамасыз етілген. Біз ауылдық аймақтарды дамыту бойынша алдымыздағы 23 қазанда болатын Парламенттік тыңдаудың аясында сол ауылдарда арнайы сауалнама жүргіздік. Респонденттердің біреуі де ауылда интернет сапалы жұмыс істеп тұр деп айтқан жоқ», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир