ТМД елдері қауіпті аурулар туралы бір-біріне хабарлайды

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Санитарлық қорғау ынтымақтастығы туралы заң жобасын қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

30 қарашада ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағын  санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша келісім ерекше қауіпті аурулар мен жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу жөніндегі үйлестірілген шараларды қарастырады, соған байланысты төтенше жағдай енгізіледі.

Аурулардың толық тізімі қосымшада көрсетілген.

- Сонымен қатар келісім халықтың денсаулығына ықтимал қауіпті және төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігімен байланысты тауарлардың тасымалы мен айналымының алдын алуға бағытталған. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың келуі мен тарауына байланысты мәселелер бойынша тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіру ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер кеңесіне жүктелген, - дейді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, келісім ТМД елдерін қауіпті аурулар мен жүктердің анықталу және таралу жағдайы туралы бір-бірін жедел хабардар етуге міндеттейді. Сонымен қатар тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуде практикалық, техникалық көмек көрсету қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрі құжаттың қабылдануы ТМД елдеріндегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатын қамтамасыз ететінін баса айтты.

ТМД мемлекеттерді аумағын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 11 қатысушы елдің сегізі қол қойды.

2023 жылдың қазан айында Қарағанды облысының Топар ауылында сібір жарасының өршуіне байланысты карантин енгізілген еді. Ауру үш адамнан анықталды.

Оқи отырыңыз: Әлемдік діндер вакцинация жасауға тыйым салмайды

Новости партнеров