Алғашқы көмек көрсету – төтенше жағдайлар аясында адамға өте қажет. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Болат Тайбеков Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде дәрменсіз бақылаушы болып қалмау және қиын жағдайда сауатты іс-қимылдарға көшу туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Б. Тайбековтың айтуынша, уақытылы алғашқы көмек көрсету зардап шегушінің өмірі мен денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқаруы мүмкін.
«Кенеттен қайтыс болу жағдайларының көпшілігі, әдетте, медициналық мекемелерден тыс жерлерде болады. Оқиға болған жерде шұғыл медициналық көмек көрсету, статистикаға сәйкес, әр түрлі жарақаттардың, тіпті өлім жағдайларының 70%-ның алдын алады», - деді шұғыл медицина орталығының басшысы.
Нормативтер бойынша жедел жәрдем шақыру орнына шақырудың шұғыл санатына байланысты 10-30 минут ішінде келуі тиіс.
«Бұл минуттар зардап шеккен адам үшінөте қауіпті болуы және оның денесінде қайталанбайтын өзгерістердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», - деді Б. Тайбеков.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде кенеттен болатын өлімнің жартысынан көбі жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттан болады. Егер зардап шеккендерге алғашқы көмек уақтылы немесе дұрыс көрсетілмесе, онда алғашқы минуттарда ауыр зардап шеккендердің 20-25%-ы, ал бір сағат ішінде тағы 30%-ы қайтыс болады. Заманауи жабдықталған медициналық ұйымның барлық күші, егер уақыт жоғалса, пайдасыз болуы мүмкін.
Айта кетерлігі, заңнамаға сәйкес алғашқы көмек медициналық көметі зардап шегушінің қасындағы кез келген адам көрсете алады. Азаматтардың кейбір санаттары үшін алғашқы көмек-қызметтік міндет. Олар – полицейлер, әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер.
«Адам алғашқы көмек көрсете алмаған жағдайда, оның міндетіне жедел медициналық көмекті, қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге міндетті басқа да құтқару қызметтерін шақыру кіреді –мұндай хабарлама да алғашқы көмек шараларына қатысты», - деп атап өтті Б. Тайбеков.
Ол алматылықтарды 2017 жылдан бері Оқу-тренингтік орталық (ОТО) табысты жұмыс істеп келе жатқан ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында алғашқы көмек көрсету бойынша оқуға шақырды.
«ОТО – бұл шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласында медициналық және медициналық емес қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттырудың озық әдістерін пайдаланатын жоғары технологиялық симуляциялық орталық. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті имитациялық және тренажерлық жабдықтармен жабдықталған дәрістік аудиториялар мен оқу сыныптары қарастырылған», - деп хабарлады Б. Тайбеков.
Спикердің айтуынша, алғашқы көмек көрсете білу-қарапайым, бірақ өте маңызды. Төтенше жағдайда ол біреудің өмірін құтқара алады. Сондықтан ол бірнеше негізгі әдістермен бөлісті.
Алғашқы көмекті сапалы және дұрыс көрсету үшін келесі әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:
1. Оқиға орнын бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2. Зардап шегушінің жағдайын тез және дұрыс бағалау.
3. Шұғыл қызметтерді (103, 112) оқиға орнына шақыру және бір мезгілде алғашқы көмек көрсету.
4. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шегушінің жағдайын бақылау.
5. Егер шұғыл қызметтерді шақыру мүмкін болмаса, зардап шегушіні тасымалдауға дайындап, емдеу мекемесіне өз бетінше жеткізу қажет.
Зардап шеккен адамды ес-түссіз, бірақ қалыпты тыныс алумен шұғыл қызметтерді шақырғаннан кейін бүйір қалыпқа ауыстыру қажет. Бұл әрекет аспирацияға байланысты тыныс алу жолдарына кері әсер етпейді. Мойын омыртқасының және аяқ-қолдардың сынуына күдіктенген кезде зардап шегуші бүйір қалыпқа ауыстырылмайды.