|
18.10.2021 | 16:26
2931

Тұсаукесер: бүгіннен бастап «Жер мен көк» атты жаңа телехикаяны тамашалаңыз!

Телехикая еліміздегі пайдалы қазбаларды табу, өндіру, өңдеумен айналысатын ауыр өнеркәсіп орындарының жұмыс тіршілігін қамтиды

Тұсаукесер: бүгіннен бастап «Жер мен көк» атты жаңа телехикаяны тамашалаңыз!

Бүгіннен бастап «Алматы» телеарнасында «Жер мен көк» атты жаңа 10 сериялы мелодрама көрермендерге жол тартады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Телехикая еліміздегі ауыр өнеркәсіп орындары туралы ғана емес, пайдалы қазбаларды табу, өндіру, өңдеумен айналысатын кен орындарының жұмыс тіршілігін кеңінен тарқатуды мақсат тұтады. Өнеркәсіп жұмысшыларының нағыз өмір салтын сюжетке салып, олардың еліміздің дамуындағы рөлін көрсету және халықтың ойындағы жалған нанымдарды бұзып, өндіріс мамандары туралы танымдарын кеңейтуді де жоба мақсатына жатқызса болады.

Оқиға желісі тау-кен кешенінің жұмыс аясында өрбиді. Зауыт ұжымының алдында үлкен мақсат тұр. Бір жылдың ішінде аймақтан тағы 10 жаңа инновациялық жобаға жетекшілік ету, компания акцияларын бақылау пакетін өсіру, халықаралық қарым-қатынасты дамыту. Егер компания жақсы нәтиже көрсетпесе, компания шетелдік инвесторлардың қолына өтпек.

Өндіріс басшысы Дархан кризистік жағдайдан алып шығатын білікті менеджер ретінде 35 жасар Темірді шақырады. Темірдің бейқам, қалыпты өмірі Ару есімді бойжеткенді көлікпен қағып кеткенде өзгереді. Темірдің де Аруға деген сезімі оянады. Темір өзінің жұбайы жол апатынан қаза болғанын және екі баланың әкесі екенін айтады. Өзінің орынбасары мен Арудың көңіл жарастырып жүрген компания басшысы бұған қатты ашуланады. Сөйтіп компания президенті мен вице-президент арасында қақтығыстар пайда болады. Екі басшының арасындағы дау ұзаққа созылады.

Бір күні тау-кен кешенінде жарылыс болады. Ол апаттан бірнеше қызметкер мен компания президенті көз жұмады. Басты айыпталушы болып Темір Ермаханұлы танылады. Бұдан кейін оқиға қалай өрбиді? Жарылысты ұйымдастырған Темір Ермаханұлы ма? Әлде кездейсоқ орын алған оқиға ма? Бұл іске масштабты талаптар қойған шет елдік бизнесмендердің қатысы бар ма? Сериал сюжеті осыны кеңінен тарқатады.

Қазақстандық режиссер Төлеген Бейсет түсірген «Жер мен көк» телехикаясында  Дәулет Өсербай (Бекзат), Бақытгүл Серікбаева (Айым) және Мұрат Нұрәсілов (Арқат ата) сынды танымал актерлер ойнайды.  

Қапы қалмаңыздар! Бүгіннен, яғни 18 қазаннан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын, кешкі 20.40-та «Алматы» телеарнасында «Жер мен көк» атты жаңа телехикаяны тамашалаңыз!       

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир