Алматыда мамандар ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алуға кірісті

16.07.2019 00:29

Орталықта тегін тренинг, сексуалды тәрбие, көшбасшылық дағдысын үйрету және шешендік өнер үйретіледі

Стопкадр Almaty.tv

Гинеколог, уролог, андролог дәрігер жастарға жаңа денсаулық орталығында көмектеседі. Мұнда келушілер ата-ана мен мұғалімге айтуға қысылатын мәселелерді талқылай алады,деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

«Бұл орталықта қажет ақпаратты ала аламыз. Проблемамызды еш қысылмай айтып, мамандар кеңесін алуымызға болады. Себебі мұнда бізге тең дәрежеде қарайды. Оның үстіне жаттықтырушылар біздің қатарластарымыз», – дейді Наргиз ТАЙШЫБАЙ.

Сонымен қатар, психолог та қабылдау жүргізеді. Орталықта талдау тапсырып, УЗИ-ден өтуге болады. Клиникада тегін тренинг, сексуалды тәрбие, көшбасшылық дағдысын үйрету және шешендік өнер үйретіледі. Сондай-ақ отбасын жоспарлау да оқытылады. Жастарға және жасөспірімдерге арналған медициналық мекеме қалалық адам репродукция орталығында ашылды.  

«Жасөспірімдер бұл орталық туралы естіп, осы тақырыпта неғұрлым ертерек сауатын ашса, біз жыныстық жолмен жұғатын көптеген инфекциялардың алдын-алып, бедеулікті болдырмауға тырысар едік. Және де қыздар жыныстық қатынасқа түсердің алдында жүктіліктен сақтану жайлы сұрап келер еді», – дейді Жастар денсаулық орталығының акушер-гинекологы Аякөз ӘБДІҚАДЫРОВА.

Теги: подростки