Алматылық дәрігерлер 19 жастағы жігітке күрделі ота жасады

Алматылық дәрігерлер 19 жастағы жігітке күрделі ота жасады
Ол «қолқа коартациясы» диагнозымен емделуге жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының дәрігерлері 19 жастағы жігітке күрделі әрі бірегей операция жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жоғары қан қысымына шағымданған жаc жігіт келіп түскен.  

Оған құрсақ қуысы мен кеуде қолқасына КТ жасалды. Жігіт «қолқа коартациясы» диагнозымен емделуге жатқызылған болатын. Көктамыр ауруын емдейтін хирург Сұлтан Илиевпен «Баллонды ангиопластика» операциясын жүргізді.

«Қысыммен үрлей отырып тамырдың тарылуын 96-98% болдырмауға болады. Содан соң профилактикалық шараларды сақтап жүрген науқастың 80%-ы көпке дейін өз сырқаты жайлы ұмыта алады. Операцияны жасап болған соң бізге науқастың фиброзды сақинасында қолқа тесігін 8,5 мм-ге дейін кеңейте алдық. Операция сәтті өтті, қазір пациент амбулаторлық емделу үшін ауруханадан шығарылды. 2-саты бойынша пациентке қолқаның стенттелуі жоспарланған. Аталмыш жайдың сирек кездесетіні және бұл патологияның  сәбилік немесе балалық шағында диагностикаланады. Мұндай жағдай 19 жастағы жігітте айқындалып отыр. Науқас алғаш тексерісті бізден өтті», деді маман. 

Сұлтан Илиевтің айтуынша, жасалған операциядан соң науқаста күретамырлық қысымы 140/80 мм рт ст-ға дейін төмендеді. Статистика бойынша осындай диагнозы бар, операция жасалмаған науқастардың өмір сүру ұзақтылығы 25-30 жастан тұрмақ. Мұндай аурушаңдықта өлім салдарына әкелетін — бассүйек ішіне қан құйылып, қолқаның үзілуі, миокард инфарктінің, жіті жүрек ақаулығы және инфекциялық эндокардит болуы мүмкін.

Новости партнеров