Алматыда ортопедтер жоғары технологиялық ота жасады

15.09.2022 22:39

Операция екі сағат бойы созылды

пресс-служба ЦГКБ

Алматыда ортопедтер жоғары технологиялық ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 54 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасынан соң шұғыл келіп түсті. Тексеріс нәтижесінде оң жақ жамбас сүйегінің ығысуымен жабық перипротезді сынық. Ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Саламат Тойымбетоваға айтқандай, пациент жедел «шұғыл операция» мәжбүр болған, себебі, тамырлар мен жүйкеге зақым келтіретіндей, сүйек жарықшақтары пайда болып, қауіпті сүйек сынықтары диагностикасы анықталған.


Травматология және ортопедия кафедрасының доценті Қайрат Оразалиевтің басшылығымен клиниканың ортопедтері ер адамға жоғары технологиялық операция жүргізді. Жамбас сүйегінің перипротезді сынығының остеосинтезі. Операцияның күрделілігі пациентке бұның алдында бірнеше операция жасалғандығы. Сүйектің анатомиясы бұзылған. Сонымен қатар, шұғыл араласуы сүйегінде эндопротездің аяқтары болғанынан қиындалды, осыған байланысты сүйектің тұрақты синтезін жасауға тура келді. Бұл үдеріс сүйек бөлшектерінің ұзақ уақытқа қозғалуын болдырмайтындай арнайы аппараттар мен құрылғылардың көмегімен сүектегі сынықтарды дұрыс орнату мүмкіндігін берді. Жоғары деңгейде нақты орныдалуын талап ететіндей осындай қиын операция жасаудан бұрын пациентті томографтың көмегімен мұқият тексеріп алуы тиіс, мамандар бұдан хирургиялық емдеу жопарын құрып, оңтайлы әдісін және құралдар мен фиксаторлар жиынтығын дұрыстаңдай алады. 

«Хирургиялық репозицияның барлық түрлері сегмент осьтерінің қозғалысының функционалдық мүмкіндіктерін сақтап қалады. Манипуляция болса сүйек өскенге дейін зақымданған учаскені тұрақтандырып бекітеді», - деді Саламат Тойымбетова. 

Операция екі сағат бойы созылды. Екінші күні пациент аяғынан тік тұрып, арбаның көмегімен жылжи бастады. 7 тәулікте пациент ұсыныстармен ауруханадан шықты. Пациентке дәрігер айтқандай, белгіленген бір мерзімде оңалту курсынан өту қажет.