ҚР Денсаулық сақтау министрлігі індетпен күрес туралы айтты
Бүгінгі күні медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 28%- ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендетілді. Ағымдағы резервте - 41 млн.маска, 27 млн. қолғап, 379 мың қорғаныш костюм бар, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР. Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Тестілеу қуаты: ағымда – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай тәулігіне 35,6 мыңға дейін (ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен), 1 қыркүйекке қарай - тәулігіне 64 мыңға дейін (ДСМ және ЖАО зертханаларын толық жабдықтауды ескере отырып) ұлғайту жоспарлануда.
Тамыз айының соңына дейін тесттердің ПТР резервін қалыптастыру - 1,2 млн., 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.
Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу жөніндегі шаралар:
Сертификаттау рәсімдерін жеңілдету:
-( 1 айдан 3 күнге дейін)
-бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі
-COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу проыедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдетеді
Бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін -
Ресей мен Үндістанға 4 млн.орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.
Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру:
- Алматы қ. - 10 млрд. тг.
- Нұр-Сұлтан қ. - 1,2 млрд.тг.
- Шымкент қ. - 180 млн.тг.
- Ақтөбе обл. - 500 млн. тг.
- ШҚО - 250 млн.тг. және т. б.
COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз етеді.
COVID-19-дан стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің айлық қоры қалыптасты. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімдері қатар жүргізіледі.